Сағынтаев Байбектің орнына Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Oinet.kz 28-06-2019 1853

Screenshot_2.jpg

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған деп хабарлайды Ақорда.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген президент қаулысында.

Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев (2019 жылдың наурызынан бастап) Қазақстан президенті әкімшілігін басқарды.

Бүгін Тоқаев оны Президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі қызметін төрт жыл бойы (2015 жылдан бастап) Бауыржан Байбек атқарған болатын.

Қызылорда облысының әкімі Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу