Головкиннің промоутері "Канеломен" болатын үшінші кездесу туралы мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промотері Том Леффлер отандасымыз шаршы алаңға шығуы мүмкін жерлерді атап өтті деп хабарлайды Sports.kz
Леффлер Генаның үшінші кездесуі мына ареналардың бірінде өтетінін айтты: AT&T Stadium (Даллас), Madison Square Garden (Нью-Йорк) немесе Сан-Антонио.
Айта кетерлігі, басылымның жазуынша, бұл тізімде Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі өткен T-Mobile Arena жоқ екен.
Сонымен бірге, үшінші айқас шамамен 14 қыркүйек күнге жоспарланғаны хабарланды.