Ақша мен қымбат көлік талап етті: Алматы облысында белгісіз біреулер кәсіпкерді бопсалаған

Oinet.kz 19-01-2023 1110

Алматы облысында бір ттоп бопсалаушы кәсіпкерден ақша талап етіп, өлтіреміз деп қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_5.jpg

2022 жылдың 9 қыркүйегінде Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына талғарлық кәсіпкер жүгінді. Ол әлдекімдердің күш қолданамыз деп қорқытып, ақша мен көлік бопсалағаны туралы хабарлаған.

"Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы бойынша Талғар ауданы бойынша ТЖК-де ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы "Бір топ адамның ақша алу үшін алдын ала сөз байласу арқылы бопсалауы” бойынша тіркелді. Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары, 20 мен 23 жас аралығындағы бес азамат ұсталды", – деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ПД мәліметінше, қылмыстық істің тергеу барысы департамент басшылығының бақылауына алынған.

"Сабап өлтіріп отыр": Павлодардағы айықтырғышта ер адам мерт болды
Алматыда Қаңтар оқиғасының қатысушысын азапттаған үш полицей сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу