Полицейлер "Автобус" шара кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Түркістан облысының аумағында полицейлер 2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат - жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау. Іс-шараны өткізуге 560-тан астам полиция қызметкерлері, мүдделі органдар мен жұртшылық өкілдері жұмылдырылды.
Аталмыш іс-шараның үш тәулігінде полицейлер 814 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 3 жайт жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегі. Ал көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 232 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 150, жылдамдықты асырғаны үшін - 5, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін-1, техникалық байқаудан өтпегені үшін - 118, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін - 112 мен заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 38 құқық бұзушыны жауапқа тартты.
Рейд барысында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың 42 жайты анықталып, 44 автокөлік айыптұраққа қойылды. 260-тан астам автобустың техникалық жай-күйі, жылытуы және т. б. сәйкестігі тексерілді.
Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша осындай профилактикалық шаралары жол-көлік оқиғаларын азайтуға, сондай-ақ жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ықпал етеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі