Түркістан облысында колледж білім алушыларымен кездесу өтті

Oinet.kz 08-12-2022 660

Screenshot_6.jpg

Сайрам ауданының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Абдухамид Абибуллаев пен аудандық әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығының әлеуметтік инспекторы Мақсат Қалыбеков, психолог маманы Арайлым Худайбергенованың ұйымдастыруымен жастардың қатысуында ауқымды іс-шара өткізілді. Кездесу жиыны Ақсукент ауылында орналасқан Е.Сарманов атындағы колледжде өтті. Негізгі мақсат - «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы аясында, жастарға тәлім-тәрбиесі, мән-мағынасы бар дүниелер айтып, құқықтық сауаттылық мәселесі жөнінде сұқбат өрбіту.

Кездесу барысында құқық бұзушылық, ертежүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мәселелері еркін түрде талқыланды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның түрлері және алдын алу бойынша өткізіліп  жатқан іс-шаралар айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер "Автобус" шара кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Полицейлері Атырау қаласына жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жасаған жас жігітті анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу