Полицейлері Атырау қаласына жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жасаған жас жігітті анықтады

Oinet.kz 08-12-2022 827

Screenshot_7.jpg

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша,  өзі жақсы танымайтын жас жігіт сеніміне кіріп, Атырау қаласына вахталық жұмысқа орналастырып беремін деп 100 000 теңге ақшасын алған. 

Алайда, ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушіні әбігерге салған. Содан кейін жәбірленуші  алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары нәтижесінде күдікті азаматты анықтады.  Ол Маңғыстау облысының тұрғыны жұмыссыз, ер азамат болып шықты.

Анықталғандай күдікті ер адам  пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде.

Түркістан облысының полицейлері таныс емес азаматтарға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында колледж білім алушыларымен кездесу өтті
Халық енді жол азабын тартпайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу