Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған сиырларын тауып алғыс алды

Oinet.kz 08-12-2022 434

Screenshot_4.jpg

Мақтаарал  АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Нұрдаулет Айтжанов тұрғынның  жоғалған сиырларын  ізін суытпай тауып берді. 

Нақтырақ айтсақ, аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданып, өріске жіберген 6 бас сиырының белгісіз жағдайда жоғалып  кеткенін жеткізген. Біреу ұрлап кетті ме, әлде жоғалды ма білмей, өздігінен 10 күн бойы ауыл-аймақты, жақын жерлерді іздейді. Алайда іздеуі сәтсіз аяқталады. Содан учаскелік полиция инспекторына хабарласып, мән-жайды айтып, көмек беруін сұрайды. 

Хабар алысымен полиция майоры Нұрдаулет Айтжанов іске кірісіп, барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Жолға толғамайтын «Нива» маркалы қызметтік көлікпен өзіне бекітілген, ой-шұқырын жақсы білетін аумақты  мұқият қарап іздейді. Осындай жүйелі іздестірудің арқасында, кешкі уақытқа дейін сиырларды тауып, заңды иесіне қайтарып берді. Белгілі болғандай, ірі-қара малдар  ауылдан 15 шақырым қашықтықтағы  көрші ауылдан  табылған.

Ауыл тұрғыны  полицейлерге шынайы алғысын жаудырды: «Мен Үміт, әкемнің 6 бас сиыры жоғалды,  іздедік, еш таба алмадық. Ал, полицей Нұрдаулет өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, міне 1 тәулікке жеткізбей малдарымды тауып берді. Ризамын, жұмыстары алға бассын. Полицейлердің жұмысына табыс тілеймін!»-деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Марика атты қызметтік ит шетелдіктен есірткі табуға көмектесті
Полицейлер "Автобус" шара кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу