Марика атты қызметтік ит шетелдіктен есірткі табуға көмектесті

Oinet.kz 08-12-2022 384

Screenshot_3.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бақылап-өткізу бекетінде Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдіктен есірткі заттары табылғаны бойынша хабарлама келіп түсті.         

Полицейлер анықтағандай, «Марика»  есімді қызметтік ит Тәжікстан азаматынан  тыйым салынған заттардың бар екеніне белгі берген. Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде, одан есірткіге ұқсас затты тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның "гашиш" есірткісі екені анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша "Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«AMANAT»: Тұрғындардың талап-тілектері шешілу үстінде
Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған сиырларын тауып алғыс алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу