Мына «Жирен» (Сауль «Канело» Альварес) құтырды

Oinet.kz 17-08-2022 702

Screenshot_8.jpg

"Әкесін сабағанды көріп ек, бірақ арбаға байлап қойып сабағанды бірінші рет көруім" деген бір сөз бар. Өзін онша жақтыра бермеймін. Айтқым да келмейді. Өйткені, жәй сабады не, арбаға байлап қойып сабады не, екеуі де бір емес пе? Ал "Әкең жынды болса, байлап бақ" деген сөзді ұнағаны сонша, қайта-қайта айта бергім келеді.

Сол айтқандай, Сауль "Канело" Альварестің мақтанғанын талай көргенбіз. Оған етіміз де үйренген. Бірақ мына мақтанының мәнісін түсінбедік.

Қыркүйектің 17-і күні болатын жекпе-жегінің  "жеңіс дастарханына" дайындықты бастап кетіпті.  Лас-Вегастағы түнгі клубтардың біріне жақсылап тұрып тапсырыс беріп қойған ол, америкалық рэпер Трэвис Скотты ең басты қонағым болады депті.

Дастархан салтанатын ұйымдастырушылардың айтуынша, Канелоның қуанышына қатысам, қызығын көрем деушілер үшін билет құны 1500 доллардан 5500 долларға дейін екен.

Ал енді мұны қалай түсінеміз? Баяғыда бір ағамыз Мәжіліс депутаты болам деп, бес жүз адамға алдын ала дастархан жайып қойып, өте алмай қалған. 

Көсемәлі Сәттібайұлының Facebook парақшасынан

Түркістанда әйелін балаларының көзінше өлтірген күдіктінің сот үкімі шықты
Келін өзі жұмыс істеп ақша тапса, оны енесінің сұрауға құқы жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу