Түркістанда әйелін балаларының көзінше өлтірген күдіктінің сот үкімі шықты

Oinet.kz 17-08-2022 810

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 тамыз күні әйелін үйінде балаларының көзінше ұрып өлтірген Абибулла Мамешовті кінәлі деп танып, 17 жылға соттады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Қайығылы оқиға 29 сәуір күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ынталы ауылында болған еді. Іске дәлел ретінде тіркелген айғақ заттардың ішінде қанға боялған жас балалардың киімі бар. Бұл оқиға бойынша іс құжаттары сотқа 8 тамызда түскен.

Судья Қасым Қалмағамбетов 43 жастағы Мамешов жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеде өтейді деп шешті. Сот жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелет жасқа толмаған үш баласы мен зейнет жасындағы әке-шешесі бар екенін ескерген.

Тергеу тарапы Мамешовтің қылмысты ішімдік ішіп, есірткі қолданып жасағаны айтты. Ал прокуратура судьядан оны 25 жылға соттауды сұраған.

Сотта айыпталушы айыбын ішінара мойындағанымен, үкіммен келіспеді.

Үкім әлі күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті
Мына «Жирен» (Сауль «Канело» Альварес) құтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу