Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Келін өзі жұмыс істеп ақша тапса, оны енесі де, күйеуі де сұрай алмайды. Шариғат алдында сұрауға ешқандай құқы жоқ. Бұл туралы Instagram желісінде видео тарады. Видеода психолог келін өз ақшасын өзі жарату керек дейді.
Видеоны көрген көпшілік екіжақты пікір білдірді.
"Көзі ашық, ақыл-есі толық ана екенсіз", "Ортақ касса болу керек деп ойлаймын", "Берекеті болама ондай үйдің, әркім ақшасын өзі ұстаса,бір үйден ішіп жеп отырғасын жерде бір жерге түсу керек ақша", "Дұрыс айтасыз, менің енем еш уақытта сұраған емес, керісінше өзіме ақша беретін", "Есің дұрыс емес әйелсің ғой, күйеуге есеп бермесе, енемен ақылдаспаса байға тимей үйінде отырсын. Отбасында бір адамға бағыну керек.Ортақ бюжет болу керек.Қай жақтан келген данышпансың?" - деп жазды желі қолданушылары.