«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Дәстүрлі әнші-жыршы Айгүл Елшібаева танымал психолог, коуч Құралай Ханымды қыздарды теріс жолға салып, "дұға орнына дуа жаттатып жүр" деп айыптады. Айтуынша, оның сабағынан өткендер буддизм мен индуизм жоралғыларын орындап, комаға түскен, тіпті көз жұмғандары да бар. Бұл туралы Елшібаева журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
"Дұға деп дуа жаттатып жүргендермен қазір араласпаймын. Құралай ханыммен 2-3 жыл қырылдым. Карантин уақыты сонымен өтті. Оның сабағына қатысып жүрген қыздарға о баста:
"Жаттамаңдар, жынданып кетесіңдер", деп ескерттім. 6 айдан кейін біреуі жынданып, біреуі комаға түсіп, өліп қалды, маған шешелері жазды. Өлген кезде бастарынан Құралайдың дүниелері шықты, деді.
Ойнамаңдар, дуа мен дұғаны ажыратып алыңдар, дедім. "Біреудің үйінен тас алып келіп оқысаң байисың", дейді. Қазір экономикалық дағдарыста отырмыз. Жағдайы нашар адамдар тез байып кету үшін, біреу несиеден құтылу үшін солардың өтірігіне сеніп отыра берген.
"Аңқау елге арамза молда" деген. Не діннен хабары, не психологиядан хабары жоқ. Дұға деп дуа жаттатып жатсаңдар, ол адам өіп жатса, сендер мыстансыңдар, дедім.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Дуаға жоламаңдар", - деген. Мен мұсылман болғандықтан, пайғамбардың жолын айтуға міндеттімін.
Қазақтың қыздарына буддизмнің "мантрасын" жаттатқызған. Жақында "Сюцай" деп шықты. Ол индуизмнен шыққан, буддизмге барып тіреледі. Енді жұрттың бәрінің миын қатырып жүр", - дейді Айгүл Елшібаева.