Полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады

Oinet.kz 28-07-2022 604

Screenshot_7.jpg

Бүгінде елімізде мал ұрлығы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Осыған орай ҚР ішкі істер министрлігімен мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» жасалынған. Аталған бағдарламаға сәйкес, мал ұрлығы қылмыстарының алдын-алу, заңсыз тасымалдауды болдырмау мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Осы тұрғыда Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Созақ-Шымкент тас жолы бойында тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде «FOTON» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде оның ветеринариялық құжатсыз бір бас айғырды заңсыз алып бара жатқанын анықтады. Сонымен қатар «Газель» автокөлігімен тағы бір тұрғынның Созақ ауданынан Сайрам ауданына 10 бас бұқа мен 1 бас сиырды мал базарға алып бара жатқаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз мал тасымалдауларға, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Дуа жаттатып, қыздарды өлтіріп жатыр: Айгүл Елшібаева психолог Құралай Ханымды айыптады
Жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу