Ақтөбе облысында үш бүлдіршін өзенге батып кетті
Ақтөбе облысында 4-5 жас аралығындағы үш бала Ырғыз өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 4 маусым күні сағат 19:00 шамасында Ақши ауылынан бір шақырым жерде орын алған.
Мәліметтер бойынша, 2017 және 2018 жылдары туған балалар ересектердің қарауынсыз қалған.
Еске салсақ, жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласында Есіл өзеніне екі бала батып кеткен. Сондай-ақ Ақтаудағы Приморский ауылы маңындағы жағажайда 1 жасөспірім суға батып мерт болды, тағы екі баланы тұрғындар аман алып қалған еді.