Оралда жас жігіт көпірден секіріп кетті

Oinet.kz 02-06-2022 764

Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Оның айтуынша, оқиға 31 мамыр күні кешкісін «Динамо» спорт базасы маңындағы Шаған өзенінен өтетін көпірде болған. Сағат 20.39-да шақырту түскен.

 «Көпірден секіріп кеткен 23 жастағы жігіт жағаға қарай жүзіп келе жатқан. Оған шұғыл жеткен полиция қызметкерлері көмектесіп, шамамен сағат 20.59-да жағаға шығарып алған. Денесі тоңазыған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде»,- деді Б.Нұрғожин.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған тұрғын облыстық ауруханаға жеткізілген.


"Мен зорландым": 16 жасында өгей ағасы зорлады
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков майда-шүйде табысқа күнелтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу