Құны 446 млн. теңгеге оқу кабинетін сатып алу тоқтатылды

Oinet.kz 22-04-2022 524

Үш жыл ішінде «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша Департамент 11 млрд.теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды (2020 ж. – 5,5, 2021 ж. – 3,9, 2022 ж. – 2,1).

Screenshot_2.jpg

Жұмыс нәтижелері жекелеген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар бұрынғысынша өткізілетін сатып алу сомасын едәуір арттыратынын көрсетеді.

Компьютерлік техникаға, бейнекамераларға, планшеттерге, смартфондарға, картридждерге, металл конструкцияларына және т.б. бойынша бағаны көтеру фактілері анықталуда. Ағымдағы жылы 2 млрд.теңгеден астам қаражат үнемделді.

Мәселен, қала мектептерінің бірі 446 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты сомасына «өзін-өзі тану» оқу кабинетін сатып алуды жоспарлаған. Сатып алулардың бірыңғай терезесінің нақты деректері бағасының 100 еседен артық көтерілгенін көрсетті.

Департаменттің хатынан кейін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жалпы білім беретін орта мектеп 446 млн. теңге бюджет қаражатын үнемдеп, сатып алудан бас тартты.

Өткен жылы (2021 ж.) Департаментпен мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу барысында қалалық әкімдік тарапынан сатып алу бағасын көтеру фактілері анықталды.

Аталған мекеме жалпы сомасы 44 млн.теңгеге 100 бірлік дезинфекциялау құралдарын сатып алуды жоспарлаған. Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алуды қайта қарау және тауар құнын сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдады. Осылайша дезинфекциялық құрал бірлігінің құны 446 мыңнан 1 мың теңгеге дейін төмендетілді. Мемлекеттік сатып алу деректері бойынша бюджет қаражатын үнемдеу жиынтық көріністе 44 млн.теңгені құрады.

Бағаны көтерудің осындай фактілері қалалық полиция департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде анықталды.

Жалпы сомасы 64 млн. теңгеге 670 бейнекамера сатып алу кезінде сатып алу бағасының көтерілуі 65% - дан астамға, ал жекелеген жағдайларда 76% - ға ауытқуды көрсетті.

Нәтижесінде жоспарланған лоттар персоналды оқыту және қоқыс шығару бойынша қызметтерді сатып алуға өзгертіліп, үнемделген қаржы шамамен 62 млн. теңгені құрады. 

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, жымқыруды болдырмау біздің органның басым міндеті болып табылады. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.

Қызыл жіп сатқан келіншек: Жахан, еркек емессің, қатын сияқтысың!
Ұлттық музейде «Қуатты армия – қуатты Қазақстан» көрмесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу