Жұлдыз Өмірғали әкесі туралы айтып жылап жіберді (фото)
Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін еске алып, көзіне жас алды. Өнер иесінің айтуынша, әкесі тірі болғанда бүгін 50 жасқа келер еді.
Жұлдыз Өмірғали әкесі туралы естеліктерімен Instagram парақшасында бөліскен. Ол балалық шағынан фото жариялап, әкесіне деген сағынышын жеткізді.
"Асқар тау әкешім, тірі болғаныңда дүркіретіп тойыңды жасап беруші едім. 50 жасыңмен", - деп жазды Жұлдыз. Әнші асқар тауы әкесін еске аламын деп көңілі босап кеткенін айтты. Ол көлікте көзі жасаурап отырған сәтінен видео жариялады.