Путинге қарсы петиция жарияланды

Oinet.kz 27-02-2022 533

Screenshot_15.png

Change.org платформасында Путинге импичмент жариялансын деген ұранмен петиция жарияланды. Жарты сағаттың ішінде бұл ұсыныс 34 мыңнан астам дауыс жинаған.

Бастама авторы Дмитрий Ратнер Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасынан Конституцияның 93-бабына сәйкес "мемлекеттік басқаруда және бүкіл әлемде кінәлі адам ретінде” Владимир Путинді ел президенті қызметінен шеттету туралы бастама көтеруді талап етеді.

“Путиннің шешімі Ресейді жаман етіп көрсетуде. Ресей әлемдік экономикадан мәңгілікке ажыратылуы мүмкін. Ресейдің миллиондаған халқы кедейшілік пен технологиялық деградацияға ұшырайды. Мұның барлығын тек Ресей халқына зиян келтірудің әрекеті ретінде түсіндіруге болады”, – делінген хабарламада.

Автордың айтуынша, Путин Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты мемлекетке опасыздық пен әскери қылмыстар жасағаны үшін кінәлі. Автор жарты сағатта 34 736 қол жинады.


Еуропа Кеңесі Ресейді ұйымнан шығарып тастады
Жарақаттануға жол жоқ!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу