Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Oinet.kz 14-02-2022 392

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 14 ақпандағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 130 МВт құрайды және жұмыста № 2,3 - қазандық және № 1,2 - турбина. 

Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

Күйеу баласы Lexus570 сыйлаған Төреғалидің әкесі көз жасын тоқтата алмады
В Казахстане не нашли доказательств причастности кыргызстанцев к беспорядкам в Алматы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу