Мәжілі депутаты ана капиталын енгізуді ұсынды

Oinet.kz 16-01-2022 1548

Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорының аясында елімізде "ана капиталын" енгізу туралы ұсыныс білдірді.

Screenshot_7.jpg

Депутат жаңадан құрылған әлеуметтік қор туралы өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Ол "Қазақстан халқына" қорының алдында тұрған басты бағыттарды атап өтті. 

"Қазақстан халқына" әлеуметтік қорының басшылығына Болат Жәмішев келгені өте дұрыс. Қорға ірі бизнесмендер қомақты қаржы құйып та жатыр. Дегенмен, еліміздегі кедейлік мәселесімен күрестің өзі көп қаржыны талап етеді. Жастарымызды, әсіресе ауыл жастарын әлеуметтендіру өте терең проблема. Осыған көңіл аударған абзал. Елімізде демографиялық жағдайды шапшаңдату өте маңызды. Осы тұрғыда, әлеуметтік қор аясында, Қазақстан "Ана капиталын" енгізуді ұсынамын", - деп жазды Ерлан Саиров. 

Танымал заңгер халықтан ақша жинайтын Айнұр Тұрсынбаеваның қорын қатаң тексеруді сұрады
Бердібек Сапарбаев дүрбелең кезде алаңға қалай қорықпай шыққанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу