Түркістан: «Халық алғысы» медалі табысталды

Oinet.kz 29-12-2021 840

Бүгін Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен коронавирустық инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында аянбай еңбек еткен отандастарымызға арналған «Халық алғысы» медалін тапсыру рәсімі болып өтті.

image.png

Пандемиямен күрес кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, елеулі еңбегімен көзге түскен бірқатар үкіметтік емес ұйым мүшелері, облыстағы БАҚ саласының өкілдері, ерікті, белсенді жастар мен білім беру саласының мамандары құрметке бөленді. Марапатты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев табыстап, марапат иелеріне ел игілігі жолындағы еңбектері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жұмыла әрекет етуге шақырды.

Ауыл шаруашылығына субсидияларды заңды түрде қалай алуға болады?
«Еңбек- ердің мұраты» жобасы аясында кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу