«Тәуелсіздік тарихы» тақырыбында форум өтті

Oinet.kz 14-12-2021 1001

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік тарихы» тақырыбында форум өткізілді. 

image.png

Аталған форумға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлы, Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі - Оралбаева Зауре Абдухамитқызы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы - Қуандықов Ермұхамбет, Тарих ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚУ Рухани жаңғыру және Қазақстан халық ассамблеясы орталығының басшысы, Саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Шымкент қаласы бойынша өңірлік комиссиясының жұмысшы тобының жетекшісі – Жанысбекова Гүлнар Әмірбайқызы, Шымкент қаласы білім басқармасының «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры, Тарих ғылымдарының магистрі - Мұстафаев Бақытжан Нұрғазыұлы, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестік Шымкент қалалық филиалының мүшесі, Желтоқсан оқиғасына қатысушы - Оспанова Гульмира, ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, тарих пәнінің оқытушылары, профессорлар мен белсенді жастар қатысты. Екі жүзден астам тыңдаушы қатысқан конференцияда «Тәуелсіздік – тарихы» деректі фильмі көрсетіліп, «Тәуелсіздік рухани жаңғыру кепілі», «Тәуелсіздік - мұрат», «Тәуелсіздік жылдарындағы саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі атқарылып жатқан жүмыстар», «Тәуелсіздік жылдарындағы Шымкент қаласының даму тарихы» және т.б. тақырыптарда сөз қозғалып, жастардың ойлары тыңдалды.

Шаңырақта жаңа емхана ашылды
Шымкентте жыл басынан бері 35 мыңнан астам адам коронавирустан жазылып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу