Шымкент: Pfizer вакцинасын салдырғандар саны артуда
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды Үкімет отырысында баяндады.
Осыған дейін Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келген. Коронавирустық инфекцияға қарсы бұл вакцинамен тиісті контингенттің 112 437 адамды егу жоспарланды, оның ішінде 8 740 жүкті әйелдер (15-40 апта), 87 697 12-17 жастағы балалар. Сондай-ақ, қосымша 16 314 бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жоспарлануда.
Қаламызда «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен қараша айының 15-нен бастап, 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салу жұмыстары басталады. Сондай-ақ, вакцинацияның бірінші компонентімен 8 869 адам егілсе, 2-ші компонентін 1 205 адам салдырған.
Бүгінде қалада вакцинаның үшінші дозасын салу қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде 7 354 адамға екпе егілген.
Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцинамен 130 327 адам қамтылған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы