Шымкентте жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Oinet.kz 09-12-2021 715

Еңбекші ауданында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылуда.  

image.png

Аудан аумағында жобаға сәйкес, 41 көпқабатты үйдің ауласының 34-і  бүгінгі таңда абаттандырылған. Ал, қалған 7 үйдің ауласы жыл соңына дейін толық пайдалануға тапсырылады.

Жоба шеңбері аясында, 17 шағынаудандағы №6,7 және 8  көпқабатты үйлердің ауласындағы балалар ойын  алаңшасы пайдалануға берілді.

Ойын алаңшасының ашылуына «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының  «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Шунгараева Гүлайым Әскерқызы, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Жасұлан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Тасмұрзаев Абуали Шалдарбекұлы және Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ашылған балалар алаңшасына, тұрғындар өз алғысын жеткізді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша өсім байқалады
Шымкент: Мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу