Шымкентте ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті

Oinet.kz 03-12-2021 534

Шымкентте «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «30 жылдыққа – 30 жұлдызды күн» атты іс-шаралар шеруі аясында өтуде.

image.png

Бір айлық акция аясында «Тұғырлы тәуелсіздік» атты іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан орталықта жаңадан жасақталған этно мұражайды аралап, «Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жобасы фильмін тамашалады.  

Телевизиялық жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық егемендік пен тәуелсіздікті нығайтудағы, бейбітшілік пен келісім саясатының құндылықтарын шоғырландырудағы рөлін көрсету. 

Алқалы жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының мән-маңызына, ел бірлігінің ынтымақтығына тоқталып, мемлекеттің болашағы, еліміздің өсіп-өркендеуінің түп қазығы тату-тәтті тіршілікте екенін жеткізді. 

– Еліміз тәуелсіздігін алған тұста алпауыт елдердің саясаткерлері мен халықаралық сарапшылар көпұлтты еліміздің болашағына күмәнмен қарады. Түрлі пессимисттік болжамдарын айтты. Дегенмен бәріміз бір тудың астына бірігіп, сол өміршең емес болжам екенін дәлелдей алдық. Елбасының сарабдал саясатын көптеген ел үлгі етіп алды. Біз сол басқа қонған бағымызды бағалай білуіміз керек, - деді Ш. Мұқан. 

Жиынды Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Шотанов жүргізді. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың (Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері, Медиация кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, ғылыми-сарапшылық топ) жетекшілері мен Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты. 

Ал «XIII legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі, волонтер Тимур Шайдуллин, қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Жусан» банкінің бөлім басшысы Юлия Дробязко, татар-башқұрт  этномәдени  бірлестігінің төрайымы Ася Мұхамедова, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Лаура Ақшегірова және пауэрлифтинг бойынша 7 дүркін әлем чемпионы Ксения Хан қастерлі тәуелсіздігіміз туралы тұшымды ойларын ортаға салды.

Тұрғындардың өтініші – басты назарда
Шымкенттік спортшы Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу