«Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті

Oinet.kz 23-11-2021 758

Шымкенттің  бас дәрігері, халық қалаулысы Мәдина Ермаханбетова тұл жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Медицина қызметкері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік таратты. Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілді. 

image.png

Мадина Сейфуллақызы жайған мерекелік дастарханға  үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары да шақырылды.  Жалпы қайырымдылық шарасына 100-ге жуық бала қатысты. Оларға түрлі сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында балғындар театрландырған көрініс тамашалап, ән айтып, би биледі. 

- Балаларға қамқорлық көрсетуді мақсат еткен акция аясында олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді  кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қоссақ деген ой болды, - дейді Мадина Ермағанбетова.

Айта кетейік, қалалық гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың бастамасымен «Жүректен-жүрекке»  қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралады.

«Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы өтуде
30 жылдық мерейтойға орай 5 өндірістік жоба іске қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу