Шымкенттегі елдімекендер екі жылда сапалы ауыз сумен қамтылады

Oinet.kz 08-11-2021 529

Шымкент қаласында бүгінге дейін 81 елдімекеннің 69-ы сапалы сумен қамтылған.  5 елдімекенге кестемен берілсе, 7-еуіне ауыз су тасымалданады. «Әкім сағаты» бағдарламасында қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендердің ауыз сумен қамтылуы жөнінде баяндады. 

image.png

Биыл қалада 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйенің құрылыы жүргізілуде. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2 шағынауданда (Тұран, Ынтымақ-2) құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін суды тасымалдайтын Солтүстік саяжай, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас тұрғын алабтары мен кестемен беріліп келген Жаңаталап, Сауле ( ДКЗ) ш/а, Нұртастың жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмысы аяқталады. Нәтижесінде 25,6 мың адам ауыз суға қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өседі.

Жыл соңына дейін 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы сапалы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.

«Жас өнерпаз» байқауы өтті
Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу