Аймағамбетов Түркістанда оқушы өлімі орын алған мектептің директорын қызметтен шеттетті

Oinet.kz 21-10-2021 1650

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Түркістанда мектеп дәретханасындағы төбелестен кейін 5-сынып оқушысының көз жұмғаны туралы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Screenshot_1.jpg

"Аталған оқиға туралы ести сала Балалар құқығын қорғау комитетінің басшысы мен менің кеңесшім Түркістан облысына аттанды. Жағдаймен танысып, талдау жасалды. Қазір уақытта аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама жасалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу қорытындысы әзір болған соң тиісті шара қабылданады. Әрине, өте ауыр қайғы. Жалпы аталған өңірде осы секілді фактілер барын жасырмау керек. Тергеу ісі аяқталмай жатып болжам жасауға ерте әрі дұрыс емес. Өйткені болған істі тергеу құқық қорғау органдарына тиесілі", - деді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі кезде мектеп директоры жұмысынан уақытша шеттетілді

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясындағы 10 жасар оқушының өлімі туралы айтылған болатын. Қатты соққыға жығылған балаға аурухана дәрігерлері еш көмек көрсете алмады.

Туыстары баланың мектеп дәретханасында жәбір көргеніне сенімді. Соққы салдарынан жәбірленушінің бас сүйегі сынған, бауыры езілген. Баланың отбасы жағдайды мектептегі ақша үшін бопсалау мен әлімжеттік көрсетудің дәлелі деп біледі. 

Өз кезегінде мектеп директоры бұның қауесет екенін айтып, білім ордасындағы қысым жасаудың кез келген мүмкіндігін жоққа шығарды.

Н.Шанаи: Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы ауызбіршілікті, келісімді нығайту
Шымкент: 3 мыңдай отбасына тұрғын үй кілті табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу