Белгілі дінтанушы халықты алдаған блогерлерді қатаң сынға алды

Oinet.kz 21-10-2021 1023

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы желіде жарнама жасап, "миллионер боласың" деп халықтың сенімімен ойнаған блогерлерді сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы дінтанушы Facebook парақшасында жазды. 

Қайрат Жолдыбайұлы.png

- Бүйтсең миллионер боласың, сүйтсең миллиардер  боласың деген дұрыс емес. Адамдарды босқа үміттендірмеу керек.  Оның орнына жақсы адам болуды, дұрыс дағдыларды әдет етіп, құндылықтармен өмір сүруді үйретейік. Әуелі өзіміз үлгі  болайық. Кәсіптің қыр-сырын меңгертейік. Өз ісін сүюге, мамандығының шын шебері болуға шақырайық. Сосын нәтижесін Аллаға тапсыруды білейік. Еңбек адамнан, нәтиже Алладан. Кімге, қашан, аз бере ме, көп бере ме, қандай кейіпте береді - ол Жаратқанның құзіретіндегі шаруа.  Рызық беруші Алланың ісіне араласып, миллиондарды уәде етіп, халықтың сенімі мен сезімімен ойнау алаяқтықтан басқа ештеңе емес! - деп жазды ол.

ДДСҰ: «Пандемия 2022 жылға жалғасуы мүмкін»
Ортағасырлық қабірхана есігіндегі алтын, күміспен жасалған өрнектер қайта пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу