Тоқаев: «Әр азаматтың амандығы үшін күресейік»
Мемлекет басшысы: Әр азаматтың амандығы үшін күресейік. Мемлекет басшысы отандық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде әр азаматтың амандығы үшін күресуге шақырды.
Ел басшысы қазақ халқының қанша зобалаңды бастан өткерсе де, ешқашан бой бермегенін тағы бір еске алды. Сол себепті қазіргі ұрпақ бабалар жолын жалғап, бүгінгі қиындыққа төтеп береріне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы бірлік пен татулықтың, ұйымшылдықтың арқасында бұл сыннан өтетінімізге тілек білдірді. Сондықтан «Денсаулық – зор байлық» деген халық даналығының қадірін білуге шақырды.
- «Әр азаматтың амандығы үшін күресейік. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін», - дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.