Шымкентте бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті
Шымкент қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының құрамындағы Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Форум Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «2021 жыл – Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» шеңберінде өтті.
Форумға Шымкент Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Форумның мақсаты: бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарындағы мәртебесін нығайту, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибен насихаттау болып табылады.
Форум барысында Нұр-Сұлтан қаласының "Әділет" білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Батыр Әлиев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов, № 24 мектеп-гимназиясының директоры Жанар Нысанбаева, "Үздік бастауыш ұйым – 2021" республикалық байқауының жүлдегері (II орын), № 27 "Мәртөбе" мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күлпаш Сағындықова, "Қазақстан мұғалімі – 2021" ұлттық сыйлығының финалисті, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымы Атқару комитетінің мүшесі, № 8 мектеп-гимназиясының физика және информатика мұғалімі Юрий Грязнов сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Бұл шарада кәсіподақ саласында жүріп, қоғамның аймақтың, шырайлы шаһардың өркендеуіне, онымен қоса экономикамыздың белсенді тобы – жұмыскерлердің мәртебесін көтеруде бар білім-біліктіліктерін салып абыройлы қызмет еткен кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Сондай-ақ, форумға атқарушы билік өкілдері, Қалалық білім басқармасының, Шымкент қаласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, әлеуметтік әріптестік өкілдер, Шымкент қалалық комитетінің кәсіподақ мүшелері, сонымен қатар, Қазақстанның басқа да өңірлерінен өкілдер қатысты.
Форум офф-лайн және он-лайн форматтарда өтті.
#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
#деньпрофсоюзов1010