Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі Қазақстандағы ең қымбат әншілер тізімін бастады

Oinet.kz 05-10-2021 3045

Қазақстандағы ең қымбат әншілер тізімін Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі бастап тұр. Олар тойға 7000-8000 АҚШ доллары арылығында шығады. Бұл туралы «НҰРШАШУ» продюсерлiк орталығының директоры, асаба, термеші, жоғарғы деңгейдегі мерекелік кештерді, тойларды ұйымдастырушы Нұрбол Сүлейменов Ernur.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Screenshot_1.jpg

Оның айтуынша, тойларды басқаруға 150-200 мың теңгеге шығады. 

– Карантинде сәл-пәл халықтың жағдайына байланысты шықтық. Шымкентте той басқару 150-200 мың теңгенің арасында. Өзге қалаларға 1000$-мен шығамыз, - дейді тамада.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы тойға шығатын ең қымбат әншілер кімдер екенін айтты. 

– Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі  7000-8000 АҚШ доллары аралығында тойға шығады, - деді асаба.

«Күміс қалам» поэзия кешінің жеңімпазы анықталды
«Алимент» дегенді тек әкелерге ғана емес, әйелдерге де жүктеу керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу