Ұстаздар аллеясы ашылды

Oinet.kz 04-10-2021 950

Screenshot_21.jpg

Ұстазға құрмет - басты міндет. Әрбір адамның өмірінде ұстаздың алар орны ерекше. Ұстаз арқылы әрбір адам әріп танып, есеп шығарды. Сауатын ашып, әлемге сыни көзбен қарай бастады. Ұстаз арқылы оның таным көкжиегі дамыды. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөздерінің жаны бар, барлығы да мұғалімнің бізге берген сарқылмас білімі мен баға жетпес тәрбиесінен бастау алады. 

Осы орайда Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мұғалімдер мерекесі қарсаңында Т.Рысқұлов мектеп-лицейі алаңынан «Ұстаздар аллеясы» падалануға берілді. Ашылу  салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев және аудан көлеміндегі ардагер ұстаздар қатысты. Ондағы орындықтар глобус, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. Кітап қойылған ескерткіштің авторы – Өрісбай Көпеев.  Ол – аудандық мәслихаттың хатшысы. 

Ұстаздардың төл мерекесі Мәдениет үйінде  жалғасып, қазығұрттықтар ұлы мамандық иелерінің еселі еңбектерін айтып құттықтады. Бірқатар мұғалімге «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі берілсе,  еңбегі ескерілген бірнеше мұғалім аудан әкімі мен  аудандық мәслихатың алғыс хаттарымен марапатталды.

Бастауыш кәсіподақтар ұйымының форумы өтті
Түркістан елімізде коронавирус аурушаңдығы ең аз облыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу