Нұр-Сұлтанда жол апатынан бес адам қаза тапты
Нұр-Сұлтанда жол-көлік апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Қайғылы оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болды.
Түнгі сағат 00:34-те Toyota Camry көлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінің үстіндегі көпірмен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып жылдамдықты асырған. Соның салдарынан көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 28 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Nexia Ravon көлігімен соғысты, деп хабарлады астаналық ПД.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 адам қайтыс болды, 1 адам жарақат алды.
- Екі жүргізуші де, үш жолаушы да оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген департаментің ақпаратында.