Түлкібас: Жолдардың қысқа дайындығы пысықталды

Oinet.kz 28-09-2021 838

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түлкібас ауданы таулы аймақ болғандықтан қыс мезгілі ерте түсіп, қарлы борандар жиі болып тұрады. Ауа-райының қолайсыздығы жолаушыларға ыңғайсыздық туғызып, автокөліктерді қар құрсауында қалуына себепкер болып жатады.

image.png

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте барлық бағыттағы жолдардың қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері және аудан аумағындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға жауапты мекеме өкілдері қатысты.

Аудан аумағында 59 шақырым республикалық, 242,9 шақырым облыстық, 96,6 шақырым аудандық және 442,6 шақырым елді мекен көшелері бар. 

Аталған бағыттардағы жолдардың қысқа дайындығы жайында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімі басшысының орынбасары А.Бейсеев баяндама жасап, қыс мезгілінде жол тазалығына жауапты мекемелерді аралау барысында анықталған кемшіліктерге тоқталды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде аудан аумағындағы коронавирустық инфекциясымен күрес және міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыстарының барысы, ұлттық халық санағы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен 8 ай қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы талқыланды.   

Бяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан басшысы жол тазалыған жауапты мекеме басшыларына қыс мезгілінде әр бір бағыттағы қауіпті учаскелерді қардан дер кезінде тазалау, қажеттілігіне қарай қар ұстағыш тосқауылдарды орнату, техника мен көктайғақта жол  бетіне себетін инертті материалдардың жеткілікті болуын тапсырды. Өткен жылғы кемшіліктердің қайталанбауын ескертіп, аудан аумағындағы барлық жол асулары бақылауда болу қажеттігін атап өтті.

Аталған мекемелердің қысқа дайындығын жеке-жеке аралап, қадағалайтыңдығын жеткізді.

Онлайн халық санағына тіркеу жұмыстарын және индикаторлық көрсеткіштерін төмен орындаған ауыл әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатындағы екпе егу жұмыстары да күн тәртібінде басты мәселе екендігін айтып, бұл бағытта да жұмысты барынша жандандыру қажеттегін атап өтті.  

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы тәулікте 1 719 адамнан коронавирус анықталды
Туристік креативті қала бейнесі конкурсының жеңімпаздары анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу