Түркістанға Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдері келді

Oinet.kz 24-09-2021 859

Screenshot_1.jpg

Бүгін Түркістан қаласына Түркі әлемі Парламенттер қорының төрағасы Чалышкан Абдуллах бастаған бір топ делегация келді. 

Түркі әлемі мен туыстас қауымдастықтар арасындағы әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ортақ тарихымыздан тұратын достық пен бауырластық байланыстарды нығайту арқылы мәдени байлығымыздың танымал болуына ықпал ету мақсатында келген делегация өкілдері ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Түркістан облысында іс-сапарда болады. 

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ескере отырып, өңірдің туристік әлеуетімен таныстыру және Түркістанды Халықаралық туристік орталық ретінде танымал ету мақсатында Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдеріне облыс аумағында арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылу жоспарлануда. 

Делегация өкілдері алдымен Отырар ауданындағы «Отырар» қалашығы, «Арыстанбаб кесенесі», «Сапар орталығы» сынды мәдени-тарихи орындарға барып,  Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесіне тәу етпек. 

Сонымен қатар, сапар барысында қаланың жаңа келбеті таныстырылып, «Керуен-Сарай» туристік кешені, «Ұлы дала Елі орталығы», «Визит орталығы», «Әкімшілік – іскерлік орталығы», «Алатау» медиа орталығы сияқты нысандарға экскурсиялар ұйымдастырылатын болады.

Түркі әлемі Парламенттер қорының делегациясы 

2021 жылғы 24 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне түрлі түсті жарық беру шарасына Түркістан облысының басшылығымен бірге қатысады деп күтілуде. 

Түркістан облысында «Бұл – біздің таулар» фестивалі өтті
Қайтыс болған адамға «иманды болсын» деп айту дұрыс емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу