Танымал журналист басшылық қызметке тағайындалды (фото)

Oinet.kz 20-09-2021 4963

"Balapan" телеарнасының директоры болып журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан тағайындалды деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық арнасының Instagram парақшасы.

image.png

Қымбат Досжанның қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар. Ол "Qazaqstan" телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта "Qazaqstan" телеарнасындағы "Қымбат жандар" авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі. 

- "Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр", - дейді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Танымал қазақ ақыны дүниеден қайтты
Ұлттық халық санағы – 2021 жыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу