Ауғанстаннан Алматы әуежайына келген қандастардың видеосы жарияланды (видео)

Oinet.kz 10-09-2021 5400

9 қыркүйек күні Алматыға Ауғанстаннан 35 этникалық қазақ келді. Қандастарды атажұртқа әкелу туралы тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді.

image.png

Этникалық қазақтар журналистермен тілдесті.

- «Менің есімім Хасан, ұлтым қазақ. Ауғанстаннан келдім. Атамекенге келуімізге көмектескені үшін ең алдымен Қазақстан президентіне, басқа қол ұшын берген адамдарға, журналистерге, Ауғанстандағы елшімізге рақмет айтамын», — дейді ер адам.

Хасанның сөзінше, ол Қазақстанға анасы, екі інісі және қарындасымен келген. Ал әйелінің құжаты болмағандықтан Ауғанстанда қалып қойған.

- «Біз Тахар қаласынан келдік. Комиссия шақырып, сұрақтар қойды. Руымызды, Қазақстанда туыстарымыз бар-жоғын сұрады. Ұлтым — қазақ, руым — қожа», — дейді Хасан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан 18 тамызда Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялаған болатын.

Одан бөлек, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілген еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

«Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттарына Президент сыйлығы табысталды
ТҮЛКІБАС: Сапарғали шаруа қожалығы 100 мың дана балық шабағын жіберуді жоспарлап отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу