Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз алған - Бас прокуратура

Oinet.kz 09-09-2021 805

Қазақстан банктері қарыз алушылардың ақшасы белгілеген лимиттен жоғары көлемде алып отырған. Бұл туралы Бас прокуратура баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Ведомство мәліметінше, банктерде тұрғындардан несие мен қарыз бойынша артық ақша қаражатын алу дерегі анықталған.

Еңбек кодексінде (115-бап) және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңында (23-бап) жалақы мен зейнетақы сомасының 50 пайызынан астамын өндіріп алуға тыйым салынған.

- "Алайда банктер тұрғындар есепшотындағы ақшалай қаражаттың бекітілген тыйымнан жоғары көлемде есептен шығарған. Мысалы, Өскемен қаласы тұрғынының еңбекақы алуға арналған банк есепшотына төлем талабы қойылған. Осы талап түскенге дейін жұмыс беруші алимент төлемдері үшін еңбекақының жартысын ұстап қалған. Нәтижесінде, барлық ұсталынған сомадан кейін оның есеп айырысу есепшотында небары 16 мың теңге (25 пайыз) қалған", - делінген хабарламада.

Сот шешімімен талапкердің пайдасына артық ұсталған сома өндіріліп алынды, бірақ ол үшін сот дауларына 9 ай уақыт кеткен.

Осындай деректер Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталғаны айтылды. Нәтижесінде қарыз алушылар жалғыз табыс көзінен заңсыз айырылған, бұл халықтың наразылығын тудырып жатыр.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған проблеманы келесі шараларды қабылдау арқылы шешкен:

клиент өтініші негізінде банктердің және сот орындаушыларының артық төленген соманы 5 жұмыс күні ішінде қайтару алгоритмі қолданысқа енгізілді;

Қазақстан банктерінің базасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.

Агенттік мәліметінше, бұл банктерге барлық кредиторлардың еңбекақы немесе зейнетақыдан жалпы ұсталынған сомалардың заңда белгіленген 50 пайыздан аспауы үшін олардың клиентінен қандай шегерімдер жасалғанын көруге мүмкіндік береді.

Заңсыз өндіріп алу дерегі анықталған жағдайда азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, оның аумақтық бөлімшелеріне немесе прокуратураға шағыммен жүгінуге құқылы.

Түлкібас: Уақ мал басы артып келеді
Белгілі саясаттанушы: «Қазақтар жылдан жылға кедейленіп барады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу