«Конституция-мәңгілік елдің тұғыры!» атты кітап көрмесі өтті
Шымкент қаласының білім басқармасының 24.08.2021 жылғы №661 шығыс хатына сәйкес, №126 «Айнатас» негізгі орта мектебінің кітапханасында 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция-мәңгілік елдің тұғыры!» атты кітап көрмесі қойылып, жас мамандар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты:Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу және Конституцияны құрметтеу.
Мектеп ұстаздары: 20- ғасырдағы Конституциялардың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, «Конституция-келешек кепілі!» тақырыбында баяндама оқыды.1995 жылы 30-тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы өз ойларын айтты.Бұдан бөлек кітап көрмесі қойылды. Көрмеге: Еліміздің Ата заңы туралы кітабы, еліміздің рәміздері. Балалар құқығының баптары қойылды. Көрмеден оқырман қауым көптеген мәліметтер алды.
Ата заң халқымыздың тәуелсіз ел болуын армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен заңнамалық құжат болып табылады. Осыған орай, «Тәуелсіздігімнің тірегі-Ата Заң» атты мақала «Рейтинг»ақпараттық сараптамалық апталық газетіне жарияланды.
Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиеваға
№126 «Айнатас» негізгі орта мектебі әкімшілігінен