Коронавирус жұқтырған 25 582 пациент стационарда жатыр - министрлік
Қазақстанда 113 402 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Oinet.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 791 адамның жағдайы ауыр;
- 475 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.