Ұлттық халық санағы 2021

Oinet.kz 26-08-2021 719

Screenshot_5.jpg

   2021 жылғы Халық санағының І кезеңі 1-30 маусым аралығында әр ауылдағы тұрғын және тұрғын емес үйлер саны мен тұрып жатқан халықтың санын нақтылау жұмыстары жүргізіліп біткеннен кейін ІІ кезеңге дайындық жұмыстары басталып кеткен болатын.

  ІІ кезең бойынша алғашқы жұмыс статистика басқармасы мамандарымен санақ бөлімінің уәкіл қызметкерлері арқылы аудандымызға қарасты 57 елді мекендегі тұрғын, тұрғын емес үй жайлардың мәртебесін анықтап, Gorel Draw бағдарламасы арқылы картаға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілді. Аудандағы 57 елді мекенді картаменен аудандастыру жұмыстары нәтижесінде 21 нұсқаушы-бақылаушы 144 есеп учаскелеріне бөлінді.

  Халық санағының ІІ кезеңі бойынша 21 нұсқаушы бақылаушы, 144 сұхбатшы жұмысқа қабылдану қажет. Бүгінгі таңда 16 нұсқаушы- бақылаушы 102 сұхбатшының құжаттары жинақталуда.  

  2021 жылғы халық санағының ерекешілігі ІІ кезең бойынша мәлімет жинақтау 2 әдіс бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші әдіс- ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазан аралығынада www.sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізіледі. Бұл азаматтарға кез-келген жерден өздігінен санақ жүргізуге және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. 

  Екінші әдіс-онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындар арасында ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 30 қазаны аралығында сұхбатшылармен жаппай аралау жүргізілетін болады.

Халық санағы бойынша ақпараттарды Инстаграмм, Фейсбук әлеуметтік желілерде ашылған арнайы парақшалардан немесе Ордабасы ауданының статистика басқармасының 8-72530-79-104,872530-2-13-82 байланыс телефондары арқылы алуларыңызға болады. 

Қазақстанда әркім маңызды! Халық санағына бірлесе ат салысайық!

Нұрсұлтан Мырзахметов

Ордабасы ауданының статистика басқармасының бас маман

Ұлттық халық санағы – 2021ж
Түркістан: Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жеткен жетістіктері талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу