Әбілхан Аманқұл: Мен үшін ақша емес, елдің абыройы маңызды

Oinet.kz 30-07-2021 4703

Screenshot_6.jpg

Әбілхан Аманқұлдың кеше өзбекстандық Фанат Қахрамоновты жеңген соң айтқаны:

- Қазақстан олимпиада чемпионына 250 мың доллар береді. Бұл ақша сізге маңызды ма?

- [Ақша] маңызды. Бірақ бірінші ақша емес, елдің абыройы маңызды. Бала кезден арманымыз бірінші орында. Ақша одан кейін. Оны сыйақы деп қабылдаймыз. Ақша үшін төбелесуге келген жоқпыз, ел намысын қорғауға келдік. 

- Құрамадағы фаворит жігіттердің жеңілгені қалай әсер етті?

- Енді көңіл-күй түсті, фаворит, мықты жігіттеріміз ұтылып қалды. Бірақ әркім өзі бөлек шығады ғой рингке. Барлығымыз бір командамыз, олар ұтылды деп біз де ұтылсақ барша елге күлкі боламыз.

Руслан Меделбектің парақшасынан

«Ұшақпен дәрі шашып жатыр» деген жігіт ұсталып кешірім сұрады
Жиын-тойға бармаңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу