«Жасыл аймақтың» артында тұрған жанкешті еңбек

Oinet.kz 02-07-2021 691

Сарыағаш – Түркістан облысындағы ішкі туризмі құлаш жайып дамыған аудандар қатарында. Себебі Сарыағаш республикаға шипажайларымен танымал. Оның жер астынан шығатын минералды суы дертке дауа, бойға қуат. Жалпы алғанда, көпшілік Сарыағашты емдік мекен ретінде елестетеді. Осыған орай сонау Шығыс, Батыс яки Солтүстік болсын, мұнда емделу үшін ат арылтып келетіндер аз емес. 

Расында да шипжайлар ордасына айналған ауданда медицина саласы да соңғы жылдары жолға қойылды. 1989 жылы қолданысқа берілген Сарыағаш аудандық ауруханасында 2010 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. «Театр – гардеробтан басталады» демекші, кез-келген мекеменің хал-ахуалын кіреберісінен-ақ бағамдай аласыз. Аурухананың кіреберісінде заманауи үлгідегі медициналық қызметкерлердің жұмысқа келіп кетуін анықтайтын құрылғы орналасқан. Осыған қарап-ақ мұнда тәртіп жолға қойылғанын білуге болады. Тәртіп болған жерде өсіп-өрлеу де болады. 

bea21ce5-57d7-4aa5-a836-57771fab8b07.jpg

Қазіргі таңда жаңа технология адам өміріне дендеп енді. Қазір өмірімізде осы технологияларсыз елестете алмаймыз. Соңғы үлгідегі технологиялар әсіресе медицинада көптеп қолданыла бастағаны қуантады. Осы арқылы адамға сапалы медкөмек көрсетіліп, оның кеселді анықтауына, одан құлан-таза айығуына сіңірер үлесі зор. Орталық ауруханада КТ, яғни компьютерлік томографиямен жабдықталған. Осының арқасында науқастардың нақты сырқатын (диагнозын) дер кезінде ертерек анықтау мүмкіндігі туды, әсіресе ес түссіз келген науқастардың сырқатын жедел анықтау оңайлады. Ал дұрыс диагноз – жарты ем екені белгілі. 

Айта кету керек, елімізде коронавирус қанша өршісе де Түркістан облысы «жасыл аймақтан» шыға қоймады. Өзге өңірлерде індетті ауыздықтау қиындап, тұрғындар жаппай індетке шалдықты. Осының салдарынан онда «сары», «қызыл» аймақтарға өтуге мәжбүр болды. Ал Түркістан облысы пандемияға қарсы жұмыстарды кешенді түрде жүргізуінің арқасында тұрғындарды алдын-ала сақтандырып, дертке шалдыққандарға сапалы ем көрсетті. Нәтижесінде түркістандықтар дерттен аса қатты қиындық көре қоймады. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жүйелі жұмысы да індетке қарсы күресте зор рөл атқарды.  

Пандемияның екінші толқынына дайындық барысында қосымша 2-айға жеткілікті дәрі-дәрмек және ж еке қоғаныш киімдерімен заласыздандыру құралдарының қорымен қамтамасыз етілді.

Оттегі станциясы қуаттылығы тәулігіне 24 сағат бойы тоқтаусыз 250 оттегі нүктесіне бір мезгілде оттегімен қамтамасыз етуде және қосымша 1,5 сағатта 4 дана бос тұрған оттегі балондарды толтыруға мүмкіншілігі бар.

e130d258-853d-43b4-8249-37ad05e92edb.jpg

Өкпе қабынуы, тыныс жетіспеушілігі шағымы мен түскен науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін орталықтандырылған оттегі станциясына қоса 4 ИВЛ аппараты сатып алынып жалпы саны 31 ИВЛ жұмыс жағдайында. Қосымша 246 пульсоксиметр, (аймақтық мекемелерде 130), 153 контактісіз тепловизор алды және соңғы заманауи үлгідегі тепловизор экран орталық емханаға орнатылды, атқаратын қызметі келушілерге бет перде тағуды ескертеді және дене қызуын анықтап жаңғырық дауыста айтады. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен 35 оттегі концентраторы, 60 дана оттегі балоны, 1 ЭКГ аппараты, 2 дана манитор, 20 тонометр берілді. 

Орталық аурухананың аға мейіргері Малира Айтмурзаеваның айтуынша, індет кезінде дәрігерлер аянбай еңбек етті.

– Өткен жылдың 22 маусымында пандемия басталған кезде басшылық бізді провизорлық бөлімшеге жұмысқа жіберді. Еріктілерді шақырып, мейіргерлер санын толықтырды. 11 мейіргер сырттан келді. Олардың ішінде мектепте жұмыс істейтін мейіргерлер де бар. 3 тазалықшы келді. Ішкі аурулар бөлімінде 10 мейіргер жұмыс істейді. Осылай жұмысымызды бастап кеттік. 

Әрине, індет бізге өте қиын болды. Соғыс сияқты. Мейіргерлер ауырды, сол жерде жатып, емін де қабылдады. Демалысқа шықпады. 

Бөлімше басшысы Құралай Абильмажанова екеуімізге сенбі, жексенбі деген күн болған жоқ. Күн-түн демей, тынбай жұмыс істедік. 24 маусымнан бастап 10 тамызға дейін осы жерде болдық. Сарыағаштың халқына да рақмет. Өздері бізге демеуші болып, тамағымызға дейін жеткізіп тұрды.  

Әріптесіміз, жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бақытбек ағай қайтыс болғаннан кейін бізде де үміт болмады. Ағай өмірден өткен кезде жанымыз ауырып, жүрегіміз қан жылады. Мүмкін біз де кетіп қалатын шығармыз деп қорықтық. Себебі, біз де дәмді, иісті білмедік, рентгенге де түскен жоқпыз. Ауырсақ та тек алға деп жүре бердік. Себебі, қиналып жатқан науқастарға қарайтын адам жоқ. Сырттан келген ерікті мейіргерлер тәжірибелі емес. Ол жерде тек ішкі аурулар бөлімшесінің мейіргерлері үйретіп тұрды. Олар тексеріп, бірге жұмыс жасады.

WhatsApp Image 2021-07-09 at 18.08.49.jpeg

Өзімнің мейіргер екенімді ұмытып кеттім. Жансақтауға ауыстыру керек болса солармен бірге зембілді алып біз де жүгірдік. Жансақтау бөлімішесіне жеткізуді, науқастың өмірін алып қалуды ғана ойладық. Көз алдымызда қанша адам кетіп жатты, құлап жатты. Медқызметкерлер үшін қиын кезеңдер осылай өтті. Көп адамның жанын аман алып қалу үшін ұмтылдық, - деп еске алады Малира Еламанқызы сол бір қиын кездерді. 

Аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі Құралай Әбілмаржанова әріптесінің сөзіне қолдайды.  

– Былтыр бұл індет 21 маусымнан бастап өршіді. Сол күні кезекшілікке тұрғанбыз. Қабылдау бөліміне 50 адамға дейін келіп қаралғандар болды. 22 маусымнан бастап біздің терапия бөлімшесі провизорлық бөлімше болып ашылды. 40 койкалық бөлімшемізге адам сыймады. Өкпе қабынуымен адам көп келді. Содан аурухананың барлық бөлімшелері провизорлық бөлімшеге айналып кетті. Қаншама медқызметкерлеріміз осы індетке шалдықты. 

Жұқпалы аурулар бөлімшесінде 1981 жылғы науқас жатқан. Сол қыз қатты ауырған кезде жансақтау бөліміне ауыстырылды. Оған Бақытбек ағай интубация жасады. Содан кейін ауыра бастады. Сонда да дәрігерлік қызметін жалғастырып, емделіп жүрді. Үш күннен кейін қатты мазасызданып жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке қарай, 14 күннен кейін көз жұмды...  

Екінші дәрігеріміз, Құркелес ауылдық емханасының гинекологы Жұмаділлә Ибадуллаев ағайымыз ауырып қалды. Екеуі бір күнде қайтыс болды. Кешкі сағат 5-те Бақытбек ағайымыз, 5 жарымда Жұмаділлә ағайымыз кетті. Екеуінен де жансақтау бөлімінде айырылып қалдық.

Науқастар көбейіп жатқан кезде артқа шегіну деген ойымызда болған жоқ. Оларды қалай емдесек екен деп үйге баруды да ұмыттық. Осы жерде күн-түн демей жұмыс атқардық. Адамның көптігі соншалық бір палатада бір отбасының мүшелері жатқандары да болды ғой. Есімнен кетпейді, баласының қиналса да 80 жастағы анасының жанына жатып алғаны. Өлімнен қорқады...  Бір койкада, екеуін ажырата алмадық. Қатты қиналған жігітті екі күн жансақтау бөлімшесінде ұстадық. Сосын терапияға қайта ауысты. Екеуі де аман қалды. Сауығып үйлеріне оралды.  

Тағы бір есте қалған жәйт Тегісшіл ауылынан 1952 жылғы әйел кісі. Науқастағы өкпенің зақымдану пайызы оң өкпесі 100 пайыз деп берді. Рентгенге түсірген кезде оң өкпесі ағарып кеткен. Картинасын көрдік. Сол өкпесі 67 пайыз зақымданыпты. Ол кезде науқас мұндай аурумен аман қалмайтын шығармын деп үмітін үзгендей болды. Бірақ, қуанышқа орай ол кісі терапия бөлімінде 25 күн жатып, аман есен өз үйіне оралды. Алайда, оттегіне тәуелді болып қалды. Үйіне бірінші баллон мен оттегін апарып, дайындап үйіне шығарып салдық. Кейіннен өзіміз барып көрдік, қазіргі ахуалы жақсы. 

WhatsApp Image 2021-07-09 at 18.07.42.jpeg

Өзімізде де қорқыныш-үрей болды. Бала-шағамызға жұқтырып алсақ не болады деген. Сол себепті, үйге баруды да қойдық. Күн-түн демей тек жұмыс жасадық. Өзіміз де ауырдық. Осы жерде ем алып жүріп жақсы боп кеттік. Қаншама қызметкерлеріміз ауырып тұрды. Әсіресе, қайтыс болған науқастардың туыстарына жеткізу қиын болды. Оларды карантин деп ішке кіргізбедік. Сыртта жүріп жақындарының жағдайларын сұрап тұрды. Ешкім ата-анасын, бауырын өлімге қимайды. Ол жерде ұрыс та, айқай да болды. Кейбіріне түсіндіріп жеткізу оңай емес. Ал, жақсарып кеткендердің соңынан қаншама алғыстар естідік. Барлық науқастарды олардың жақындарын қолдауға, араша болуға тырыстық. Бұл кезеңдер әрбір медицина қызметкерлерінің есінде ерекше қалары сөзсіз, - дейді терапия бөлімің меңгерушісі.

WhatsApp Image 2021-07-09 at 18.06.35.jpeg

Иә, «жасыл аймақта» тұрмыз деп айту оңай. Оның артында қаншама ауыр еңбек, қара тер, қаншама тағдыр жатыр. Орталық аурухананың дәрігерлерінің жанкешті еңбегінің арқасында көптеген қиындықтар еңсерілді.   

Жалпы 2020 жылы 11 ай көлемінде ауданда тіркелген жалпы халық саны – 192 634. Ересектер – 107 323. Босанған жүкті әйелдер –  5722. Туылған сәбилер –  5700. Тәуліктік стационрада ем алған науқастар саны –  19321. Күндізгі стационарда емделген науқастар-3792.

2018 жылы қараша айында ауруханада инсульт орталығының ашылуы науқастарға және медициналық қызметкерлергеде тиімді болуда өйткені. Инсульт орталығы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарын халқына  қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда инсульт орталығында 20 төсек орны бар, оның ішінде 6 төсек орын интенсивті емдеуге арналған. Инсульт орталығы ашылғаннан бері 1374 науқас емделген.  53 науқасқа осында нейрохирург дәрігерлері ота жасаған. 136 адамға тромболизис жасалған. 

Вакцинация – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы
Қаратау ауданында көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысаны түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу