Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да оқ атылды

Oinet.kz 09-07-2021 1419

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары атысты, деп хабарлайды Oinet.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 8 шілдеде сағат 17:00 шамасында болды, деп хабарлады бейсенбіде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметінің хабарлауынша, төрт қырғыз әскери қызметкері жергілікті тұрғындардың бірнеше жылқысын ұрлап, Қырғызстанға алып кету үшін Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олар Калашников автоматтарымен қаруланған болып шықты.

- Тәжік шекарашыларының мемлекеттік шекараны бұзғаны туралы ескертуіне қырғыз әскери қызметшілері автоматтан оқ жаудырған. Тәжік шекарашылары атқан оққа екі тәртіп бұзушы ілініп, жарақат алды, - деп хабарлады құзырлы орган.

Екі елдің шекара ведомстволарының өкілдері оқиға орнына аттанды, Қырғызстанның Баткен облысы мен көршілес Тәжікстанның Соғды облысы өкілдері кездесетін болды.

Өткен тәулікте 2909 адамнан коронавирус анықталды
Шымкентте теміржолшылар жалақысын 250 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу