Департамент басшысының бірінші орынбасары Арыс қаласында жеке қабылдау өткізді

Oinet.kz 11-06-2021 725

Screenshot_1.jpg

Бүгін Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру мақсатында қала тұрғындарын алаңдатқан мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қала тұрғындарының талап-тілектері тыңдалған  жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасарлары мен жауапты бөлім басшылары қатысты.  

Қабылдауға келген  азаматтар, негізінен жұмыссыздық,  тұрғын-үй,  жер, су және әлеуметтік мәселелер бойынша арыз-шағымдарын жеткізіп, оңтайлы шешімін табуға ықпал етуін сұрады.   

Атап айтсақ, зейнет жасына жеткен Фарида Жанысбаева қалаға қарасты  Төлеби көшесінің жарық шамын жөндеу, жол кедергісін орнату,  қоқыс мәселесін шешу, таңертең сезілетін ауыз судың тапшылығы сынды проблемалық мәселелерін тілге тиек етті.     

Арыз-шағымын арқалап келген Арыстық тұрғындардың  арыз-шағымына терең үңілген Мирас Асқарбайұлы аталған өтініштерді толық қанағаттандыру бойынша  жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеп, алдағы Департамент назарында болатындығын жеткізді.

Қысқа көйлек киіп түскен Кәмшат Жолдыбаева елдің ашуына тиді
Арыс қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу