Сабина Алтынбекованың анасымен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 07-06-2021 1544

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың анасымен түскен суретіне жүрт сүйсінді.

Screenshot_1.jpg

Көптің көзайымына айналған фотоны спортшы Intagram әлеуметтік желісінде жариялап, "анаммен" деген жазба қалдырды. 

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сұлу" спортшы ретінде танылған еді. 

Одан бөлек, спортшы биыл тұрмысқа шықты. Оның таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен. 

Және де жақында Сабина Алтынбекова "The 100 Most Beautiful Faces of 2021" тізіміне енуге үміткер атанған еді. 

"Сабина Алтынбекова "2021 жылдың ең әдемі 100 адамы" атағына ұсынылды. Құттықтаймыз!", - делінген Instagram әлеуметтік желісіндегі TC Candler парақшасында. 

Мақпал Жүнісова осы уақытқа дейін көрсетпеген сіңлісі туралы жазды (фото)
Халық тізерлеп рахмет айту керек деген Божко жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу