Мақпал Жүнісова осы уақытқа дейін көрсетпеген сіңлісі туралы жазды (фото)

Oinet.kz 05-06-2021 3171

Танымал әнші Мақпал Жүнісова осы уақытқа дейін көрсетпеген сіңлісінің фотосын жариялады. Ол сіңлісін туған күнімен құттықтап, бақыт тіледі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

"6 шы маусым туған сіңілім Анаржан 50-ге толады,Аллаға шүкір! Сіңілім отбасыңнан бақ кетпесін, шаңырақ шайқалмасын,қыздарыңның тек қуанышын көріңдер,тіл-көзден аман болыңдар!" - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Мақпал Жүнісованың анасы 13 құрсақ көтергенімен, олардың 8-і ғана тірі қалады. Бүгінде әулетте 6 қыз,2 ұл бар. Әкесі өмірден ерте қайтқан, ал анасы ұлы мен келінінің қолында. Жақындарының айтуынша, Мақпал Жүнісова төрт жасынан бастап бес жүз адамға арналған клубта ән айтып, сахнаны еркін меңгере бастаған. Оның әншілігі тойларда,думандарда, әртүрлі мерекелерде ұшталып жатты десе де болады. Мектепте үздік оқып, ата-анасын мақтау қағаздарымен жиі қуантқан. Әкесі Мұхамедияр қарапайым шаруа адамы болса да, табиғатынан дана кісі. Мақпалды үшінші сыныпта Қарағандыдағы музыка мектебіне әкелу керек деген ой осы әкесінің шешімі болған.

«Қайрат ажырасты ма?» Анасы Гүлзира Айдарбекова шындықты айтты
Сабина Алтынбекованың анасымен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу