Халық тізерлеп рахмет айту керек деген Божко жаңа қызметке тағайындалды
Парламент мәжілісі төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының құрамына енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2021 жылғы 1 маусымнан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының (КӘАҚҚ РОШ) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Божко Владимир Карпович 1949 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, ал 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген. Мамандығы – "Тау-кен жұмыстарын электрофикациялау және автоматизациялау" және "Жедел құрам".
Әр жылдары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Генерал-лейтенант шені бар.
2007-2014 жылдары Владимир Божко төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды.
Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі "Барыс", ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған.
Айта кетейік, осы айдың басында КӘАҚҚ РОШ бас директоры қызметіне Владимир Беккер тағайындалған болатын. Ол 2019-2020 жылдар аралығында ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, Божко оғаш пікірлерімен елді шулатқан болатын.
ДӘЛ ҚАЗІР
Депутат Божко: “Халық тізерлеп тұрып, мемлекетке алғыс айтуы керек”
2019 ж. Қыркүйек 4 3.36k
Мәжіліс депутаты Владимир Божко ел үкімет тарапынан әлеуметтік қолдаудың күрт артқаны үшін мемлекетке алғыс айтуы керек деп есептейді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Божко елдегі тұрақтылықты сақтауда тұрғындар үкіметтің олар үшін не істеп жатқанын түсінулері керек деген пікір білдірді.
“Сіз биліктің не істеп жатқанын түсініп, көзбен көрулеріңіз керек. Дәлел керек пе, бір ғана көрсеткіш бойынша – халықтың әлеуметтік қолдауы үш жылда 17 есеге өсті. Кешіріңіз, бірақ сол үшін тізе бүгіп, мемлекетке алғыс айту керек. Егерде адам ештеңе бітірмесе, өзіне бәрін беруіне талап етсе, мұндай адамды тоқтататын, қораға тығатын қоғамдық пікір болуы керек”, – деді Божко.