Әсел Айтпаеваның өлімі. ҚР ІІМ Грузияға ізкесушілер жібереді
ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандық Әсел Айтпаеваның өлімінің мән-жайын анықтау үшін Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Жақын арада халықаралық келісімге сәйкес, Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен ҚР Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді. Олардың міндеті - оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеу және Грузия тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу, - деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә брифингте.
Ол Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі марқұмның ата-анасының арызына сүйене отырып, азамат Мейрамбековке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын еске салды.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді министрліктің ресми өкілі.
Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті.